«Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізу
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе)…
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларында:
9-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жауапкершіліктің II (қалыпты) деңгейіндегі объектілер:
- өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар:
- өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар тұрғысынан қауіпті емес, жалпы аралығы 12 метрден (қоса алғанда) 100 метрге дейін және (немесе) биіктігі 12 метрден (қоса алғанда) 50 метрге дейін және (немесе) жүк көтергіштігі 5 т (тоннадан) (қоса алғанда) 32 т (тоннаға) дейінгі крандары бар өндірістік объектілер (машина жасау, көлік, құрастыру, өңдеу, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары), оның ішінде өндірістік-шаруашылық құрылыстар (биіктігі 2 қабаттан және ауданы 2000 шаршы метрден (шаршы метр) асатын қоймалар және тауарлар мен материалдарды сақтауға ерекше жағдайларды, сондай-ақ арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды қажет ететін сақтау орындары);
- қуаты 150 МВт (Мега Ватт) дейінгі жылу энергетикасы ғимараттары мен құрылыстары;
- қуаты 100 Мвт (Мега Ватт) кем (қоса алғанда), кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр желілері бар күн электр станцияларын қоспағанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері;
- элеваторлар;
- сақтау көлемі 500 т (тоннадан) астам (қоса алғанда) астық қоймалары;
- мал басы 1500-ден астам (қоса алғанда) сүт және ет өнімдерін өндіретін мал шаруашылығы кешендері мен фермалары, асыл тұқымды шаруашылықтар, бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал басы 10000-нан астам (қоса алғанда) шошқа шаруашылықтары;
- құс саны жылына 6 млн. бастан (жылына миллион бас) асатын (қоса алғанда) құс фабрикалары мен кешендері;
- ауданы 10 000 м2 (шаршы метрден) асатын (қоса алғанда) жылыжай кешендері;
- өнімділігі 5 т/сағ (сағатына тоннадан) асатын (қоса алғанда) құрама жем зауыттары мен цехтары;
- мал сою және сойылған мал өнімдерін бастапқы өңдеу көлемі ауысымына 10 т (ауысымына тоннадан) асатын (қоса алғанда) кәсіпорын объектілері;
- өндірістік қуатына қарай өнімділігі ауысымына 10 т (ауысымына тоннадан) асатын (қоса алғанда) сүт қабылдау және дайындау пункттері;
- домна пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метрге) дейінгі түтін мұржалары;
- өзге құрылыстар:
- сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метрге) дейінгі мұнай, мұнай өнімдері және сұйытылған газ резервуарлары;
- III және IV сыныпты гидротехникалық құрылыстар;
- жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес айқындалатын IIIб және IIIв санатындағы мұнай, мұнай өнімдері мен газдың жерасты қоймалары;
- III және IV сыныпты магистральдық мұнай құбырлары мен мұнай өнімдері құбырлары;
қысымы 1,2 МПа (Мега Паскаль) дейінгі (қоса алғанда) өндірістік мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;
- қысымы 0,3 МПа (Мега Паскаль) бастап 1,2 МПа (Мега Паскаль) дейінгі (қоса алғанда) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;
- шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметрге) дейінгі топтық су құбырларын, су бұру жүйелерін және кәріз коллекторларын қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау желілері мен олардағы құрылыстар, су құбыры мен кәріз тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ);
- өнімділігі 500 м3/тәул бастап 10 000 м3/тәул (тәулігіне текше метрге) дейінгі сорғы станциялары мен су алу құрылыстары;
- ор қазбайтын тәсілмен орындалатын шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметр) және одан жоғары топтық су құбырлары мен кәріз коллекторлары;
- шартты (ішкі) диаметрі 350 мм (қоса алғанда) бастап 800 мм (миллиметрге) дейінгі магистральдық және тарату (кварталішілік) жылумен жабдықтау желілері мен олардағы құрылыстар;
- жұмыс қысымы 1 МПа (Мега Паскаль) және одан жоғары, шартты (ішкі) диаметрі 300 мм (миллиметрден) асатын сыртқы сумен жабдықтау желілері мен олардағы құрылыстар, соның ішінде тарату (кварталішілік, көшелік), алаңішілік сумен жабдықтау желілері, кварталішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері, тұрғындарының саны 500 адамнан (қоса алғанда) асатын жекелеген тұрғын үй кешендерінің су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары;
- магистральдық байланыс желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары, биіктігі 100 м (метрге) дейінгі теледидар мұнаралары мен байланыс антенна-діңгек құрылыстары;
- кернеуі 35 кВ-тан жоғары, 220 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр беру желілері және электр желісі шаруашылығының өзге объектілері;
- Iа (әр бағытта 3-тен аз қозғалыс жолағы бар), Iб, II, III санаттағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;
- 9-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген қалалар мен ауылдық елді мекендердің көшелері мен жолдары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішкі және сыртқы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар (көпір құрылыстарын қоспағанда);
- жеке жобалар бойынша іске асырылатын магистральдық теміржол желісінің объектілері, сондай-ақ кірме және станциялық жолдар;
- барлық санаттағы жолдардағы ұзындығы 100 м (метрден) кем көпір құрылыстары;
- көлемі жылына 100 мың т (жылына мың тоннаға) дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;
- IV қауіптілік сыныбындағы уытты өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандыру және көму полигондары;
- тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
- қалыпты геологиялық жағдайы бар аудандардағы биіктігі 6-дан 25 қабатқа дейінгі тұрғын және көпфункционалды ғимараттар;
- қалыпты геологиялық жағдайы бар аудандардағы биіктігі 3-тен 25 қабатқа дейінгі әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
- сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан көп балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары бар аудандардағы биіктігі 6-дан 12 қабатқа дейінгі (қоса алғанда) тұрғын және көпфункционалды ғимараттар;
- сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан көп балл) немесе құрылыс кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары бар аудандардағы биіктігі 12 қабатқа дейінгі (қоса алғанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
- бір мезгілде 150-ден 500 адамға дейін (қоса алғанда) сыятын спорттық-көрермендік, діни жабық ғимараттар немесе ашық құрылыстар;
- бір мезгілде 800-ден 1200 адамға дейін (қоса алғанда) сыятын сауда-ойын-сауық объектілері;
- сыйымдылығы 50 орыннан асатын қонақүй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
- мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ғимараттары;
- сыйымдылығы 600 оқушыдан (қоса алғанда) асатын жалпы білім беретін мектептердің (гимназиялардың, лицейлердің) ғимараттары;
- сыйымдылығы 50 баладан асатын мектеп-интернаттардың жатын корпустары мен балалар демалыс лагерлерінің ғимараттары;
- ауысымына 50-ден 480 қабылдауға дейінгі (қоса алғанда) стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;
- 50-ден 200 жұмыс орнына дейінгі тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;
- қалыпты геологиялық жағдайы бар аудандардағы өрт сөндіру деполарының кешендері;
- бір мезгілде 10-нан астам көлік құралына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жерүсті қабаттарының саны 5-тен, жерасты қабаттарының саны 2-ден асатын жерүсті немесе жерасты гараж-тұрақтар;
- травматологиялық және хирургиялық бөлімшелері бар аурухана ғимараттары, сондай-ақ 50 және одан аз төсектік стационарлар;
3) техникалық жағынан күрделіге жатпайтын жауапкершіліктің II (қалыпты) деңгейіндегі объектілер:
- өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар тұрғысынан қауіпті емес, жалпы аралығы 12 метрден кем және (немесе) биіктігі 12 метрден кем және (немесе) жүк көтергіштігі 5 т (тоннадан) кем крандары бар өндірістік объектілер (машина жасау, көлік, құрастыру, өңдеу, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары), оның ішінде тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ басқа арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өндірістік-шаруашылық құрылыстар (биіктігі 2 қабаттан кем (қоса алғанда) және ауданы 2000 шаршы метрден (шаршы метр) кем (қоса алғанда) қоймалар);
- тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:
- геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) және сейсмикалық жағдайларға қарамастан, биіктігі жерүстіндегі 5 қабаттан аспайтын (қоса алғанда) тұрғын үйлер (жоғарғы техникалық қабатты есепке алмағанда);
- қалыпты геологиялық жағдайлары бар аудандардағы биіктігі жерүстіндегі 2 қабаттан аспайтын (жоғарғы техникалық қабатты есепке алмағанда) әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;
- жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ғимараттары;
- сыйымдылығы 600 оқушыдан кем жалпы білім беретін мектептердің (гимназиялардың, лицейлердің) ғимараттары;
- бір мезгілде 10-нан аспайтын (қоса алғанда) көлік құралына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жерүсті қабаттары 5-тен (қоса алғанда), жерасты қабаттары 2-ден (қоса алғанда) аспайтын жерүсті немесе жерасты гараж-тұрақтары;
- жерүсті қабаттарының саны 3-тен аспайтын вахталық кенттердің тұрғын үйлері мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілері;
- өзге құрылыстар:
- IV және V санаттағы автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстар;
- кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр беру желілері және электр желісі шаруашылығының өзге объектілері;
- қуаты 100 Мвт (Мега Ватт) кем (қоса алғанда), кернеуі 35 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр желілері бар күн энергиясын пайдалану объектілері;
- жұмыс қысымы 1 МПа (Мега Паскаль) кем, шартты (ішкі) диаметрі 300 мм (миллиметрге) дейінгі (қоса алғанда) сыртқы сумен жабдықтау желілері мен олардағы құрылыстар, соның ішінде тарату (кварталішілік, көшелік), алаңішілік сумен жабдықтау желілері, кварталішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері, тұрғындарының саны 500 адамнан аспайтын жекелеген тұрғын үй кешендерінің су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстары;
- ор қазбайтын тәсілмен орындалатын шартты (ішкі) диаметрі 500 мм (миллиметрге) дейінгі топтық су құбырлары мен кәріз коллекторлары;
- өнімділігі 500 м3/тәул (тәулігіне текше метрге) дейінгі (қоса алғанда) сорғы станциялары мен су алу құрылыстары;
- шартты (ішкі) диаметрі 350 мм (миллиметрге) дейінгі сыртқы жылумен жабдықтау желілері мен олардағы құрылыстар;
- аймақтық және жергілікті байланыс желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары;
- шаруашылық-тұрмыстық және техникалық сумен жабдықтауға арналған су алу ұңғымалары мен олардағы құрылыстарды жабдықтау;
- қысымы 0,005 МПа (Мега Паскаль) бастап 0,3 МПа (Мега Паскаль) дейінгі (қоса алғанда) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы газ тарату жүйелерінің объектілері;
- мал басы 1500-ге дейінгі сүт және ет өндіретін мал шаруашылығы кешендері, мал фермалары, асыл тұқымды шаруашылықтар, бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал басы 10000-ға дейінгі шошқа шаруашылықтары;
- құс саны жылына 6 млн. басқа (жылына миллион бас) дейінгі құс фабрикалары мен кешендері;
- ауданы 10 000 м2 (шаршы метрге) дейінгі жылыжай кешендері;
- өнімділігі 5 т/сағ (сағатына тоннаға) дейінгі құрама жем зауыттары мен цехтары;
- сақтау көлемі 500 т (тоннадан) кем астық қоймалары;
- мал сою және сойылған мал өнімдерін бастапқы өңдеу көлемі ауысымына 10 т (ауысымына тоннаға) дейінгі кәсіпорын объектілері;
- өндірістік қуатына қарай өнімділігі ауысымына 10 т (ауысымына тоннаға) дейінгі сүт қабылдау және дайындау пункттері;
- жайылымдарды суару жүйелері;
- бір мезгілде 150 адамға дейін (қоса алғанда) сыятын спорттық-көрермендік, діни жабық ғимараттар немесе ашық құрылыстар;
- бір мезгілде 800 адамға дейін (қоса алғанда) сыятын сауда-ойын-сауық объектілері;
- сыйымдылығы 50 орынға дейінгі (қоса алғанда) қонақүй кешендері (мотельдер, туристік базалар);
- ауысымына 50 қабылдауға дейінгі (қоса алғанда) стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;
- 50 жұмыс орнына дейінгі (қоса алғанда) тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;
- сыйымдылығы 50 балаға дейінгі (қоса алғанда) мектеп-интернаттардың жатын корпустары мен балалар демалыс лагерлерінің ғимараттары;».
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін
Қазақстан Республикасының.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
индустрия және инфрақұрылымдық даму
Қазақстан Республикасы Б. Атамқұлов
Дереккөз: proektant.kz www.gov.kz сайтына сілтеме жасай отырып
