Қазақстанда құрылыс саласындағы баға белгілеудің нормативтік құжаттары бекітілді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы 2024 жылғы 1 қарашадағы бұйрығымен құрылыс саласындағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітті.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы 2024 жылғы 1 қарашадағы бұйрықпен құрылыс саласындағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, мына құжаттар бекітілді:
СЦП РК 8.03-01-2024 «Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары бағаларының жинағы. Жобалау жұмыстары бағаларын қолдану бойынша жалпы ережелер»;
СЦП РК 8.03-01-2024 «Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары бағаларының жинағы» (13 бөлім);
СЦИ РК 8.03-04-2024 «Құрылысқа арналған инженерлік іздестіру бағаларының жинағы» (4 бөлім).
Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Қазақстанда электр және жылу энергетикасы саласындағы өндірістік бақылау туралы ереже бекітілген еді.
дереккөз: https://www.zakon.kz
