Жиі іздейді

Керегін таппадыңыз ба? Бізге жазыңыз
Сала жаңалықтары

Германияда әлемдегі ең биік жел турбинасы не үшін салынып жатыр? (365 метр)

Қазір желден көбірек энергия алудың кең таралған жолы — турбиналарды үлкейту, яғни қалақтардың ұзындығын арттыру. Тағы бір тәсіл…

CAD.kz редакциясы

Қазіргі уақытта желден көбірек энергия алудың кең тараған жолы — өте үлкен жел турбиналарын салу, яғни қалақтардың ұзындығын арттыру. Тағы бір тәсіл — аса биік жел турбиналарын тұрғызу.

Бранденбургтегі жел электр станциясы

Бранденбургтегі жел электр станциясы. Фото: APA

Әлемдегі ең ірі жел турбиналарының биіктігі шамамен 150 метр. Жаңа жел турбинасының биіктігін екі есеге арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлады 15 сәуірде Süddeutsche Zeitung (SZ) басылымы.

Бұл жобаның идеясы неміс инженері Хорст Бендикске 1990-жылдардың соңында келген. Оның болжамы бойынша, үлкен биіктікте жел турбинасынан екі есе көп энергия өндіруге болады.

Осы теорияны тексеру үшін Gicon компаниясы былтыр әлемдегі ең биік жел өлшеу мұнарасын орнатты. Оның биіктігі 300 метр.

Gicon хабарлауынша, жел өлшеу мұнарасының деректері өте қызықты болып, тіпті күткен нәтижеден асып түскен. Болжам бойынша, жел турбинасының биіктігі 300 метр болса, дәл сондай турбинаны қалыпты биіктікте пайдаланғанмен салыстырғанда 60–70 пайызға көп энергия алынады.

Әлемдегі ең биік жел турбинасы Бранденбургте орналасқан. Биік жел турбиналарын шығаратын алғашқы зауыт та сонда салынады. Жоба бастамашылары әлі де жетіспейтін құрылыс рұқсаттарын күтуде. Олар беріліп, турбина салынғаннан кейін оның жалпы биіктігі (жерден роторға дейін) 365 метрге жетуі тиіс. Осылайша ол әлемдегі ең биік жел турбинасына айналады. Әзірлеу мен құрылысты қоса есептегендегі жалпы шығын 20–30 миллион еуроға бағаланады.

Іске қосылғаннан кейін жел турбинасы 20 жылдан астам уақыт электр энергиясын өндіреді деп күтіледі. Бірақ жоба бастамашылары мұнымен шектелмейді: алдағы 10 жылда Германияда осындай 1000 биік жел турбинасын салу жоспарланған. Олар елдің жалпы электр энергиясына деген қажеттілігінің 5%-ын өтей алады.

Бұл жоспарды 10 жыл ішінде жүзеге асыру үшін бюрократиялық кедергілерді жою қажет. Сондықтан биік жел энергетикалық қондырғыларын алдымен қолданыстағы жел электр станцияларында орнату ұсынылады. Іс жүзінде қолданыстағы станцияларға қосымша конструкция қосылып, жел турбинасының биіктігі арттырылады.

Германиядан басқа елдер де биік жел турбиналарына қызығушылық танытып отыр. Олардың қатарында Бразилия, Малайзия, Сауд Арабиясы және Түркия бар. Осындай желіміз тұрғанда, бізге де биіктеу керек =)

Дереккөз: https://overclockers.ru/