Жиі іздейді

Керегін таппадыңыз ба? Бізге жазыңыз
Тәжірибе және кеңестер

Autodesk бағдарламаларының алдыңғы нұсқаларын алу туралы не білу керек

Жүктеп алуға болатын алдыңғы нұсқалар клиенттің жазылымы немесе білім беру лицензиясы бар-жоғына байланысты. Ескі нұсқаны жүктеп алып орнату үшін қазіргі нұсқаны жою қажет емес.

CAD.kz редакциясы

Жүктеуге қолжетімді алдыңғы нұсқалар клиентте жазылымның немесе білім беру ұйымдарына арналған лицензияның болуына байланысты. Алдыңғы нұсқаны жүктеп, орнату үшін ағымдағы нұсқаны жою қажет емес.

Шыққанына үш жылдан аспаған бағдарлама нұсқалары. Қолжетімді алдыңғы нұсқалардың тізімі рәсімделген жазылым түрімен — Autodesk-тің 1 жылдық немесе 3 жылдық жазылымымен айқындалады.

Алдыңғы нұсқаларды пайдалану құқығы белгілі бір бұрынғы және соңғы нұсқаларды орнатуға және пайдалануға мүмкіндік бергенімен, кез келген уақытта қолданыстағы лицензиялардың жалпы санынан асыруға болмайды.

Мысалы: AutoCAD-тың 3 лицензиясына жазылым бар. Бағдарламаның ағымдағы нұсқасын және қолжетімді алдыңғы нұсқаларының кез келгенін орнатып, қолдануға болады, бірақ бір уақытта пайдаланылатын лицензиялар саны 3-тен, яғни жазылым бойынша лицензиялардың жалпы санынан аспауы тиіс. Бұл тұрақты лицензияға арналған жазылым шеңберінде алдыңғы нұсқаларды пайдалануға да қатысты.

Autodesk тиісті жазылымның немесе тұрақты лицензияға арналған жазылымның тізіміне кіретін өнімдерге техникалық қолдау көрсетеді.

Барлық қолжетімді алдыңғы нұсқаларды Autodesk Account порталынан жүктеуге болады.

Лицензияға қолжетімділігі бар жазылушылар алдыңғы нұсқаны Autodesk Account порталындағы есептік жазбасынан жүктей алады. Лицензияға бөлек сұрау жіберу қажет емес.

Кейбір жағдайларда қайта белсендіруді орындау жеткілікті.

Нұсқа қолжетімді алдыңғы нұсқалар тізімінен шығарылған кезде, бұрын лицензияланған, орнатылған немесе пайдаланылған болса да, Autodesk физикалық тасымалдағыштарды немесе файлды жүктеу сілтемелерін ұсынбайды. Жазылымның мерзімі біткенде немесе кез келген себеппен тоқтатылғанда, алдыңғы нұсқаларды пайдалану құқығы да тоқтатылады.

Жазылым аяқталғаннан кейін бұрын лицензияланған, орнатылған және пайдаланылған барлық нұсқаларды әрі қарай пайдалануға болмайды және олар жойылуы тиіс.

Autodesk өнімдерінің алдыңғы нұсқаларын қалай жүктеуге болады:

Шыққанына үш жылдан аспаған бағдарлама нұсқалары

1.manage.autodesk.com бетіндегі Autodesk Account порталына кіріңіз.

2.«Бағдарламалар мен қызметтер» тізімінен бағдарламаны тауып, «Жүктеулерді көрсету» түймесін басыңыз.

Ескертпе. Салалық жинақтар немесе AutoCAD including specialized toolsets үшін жеке бағдарламаларды жүктеу мақсатында «Элементтерді көрсету» түймесін басыңыз.

3.«Нұсқа» мәзірінен алдыңғы нұсқаны таңдап, бағдарламалық жасақтаманы жүктеңіз.

2021-10-12_10-41-44.jpg

Шыққанына үш жылдан бес жылға дейін болған бағдарлама нұсқалары

Ескі нұсқаларды жүктеуді Autodesk виртуалды агенті (AVA) арқылы сұратыңыз.