Жиі іздейді

Керегін таппадыңыз ба? Бізге жазыңыз
Тәжірибе және кеңестер

Autodesk Inventor жүйесіндегі жасырын қателер: 3D-модельдердің тұрақсыздық себептері

Autodesk Inventor — жобалаудағы дәлсіздіктерге төзімді бағдарлама. Ол операцияларды сирек бұғаттайды және белгілі бір жағдайларда, тіпті қателіктер болғанда да, сырттай дұрыс геометрия алуға мүмкіндік береді…

CAD.kz редакциясы

Мазмұны
  1. Тұрақтылық елесі: құрылым ағашы нені жасырады
  2. Тәжірибелік мысалдар: жобалаудағы кең таралған қателер

Autodesk Inventor — жобалау кезінде дәлсіздіктерге жоғары төзімділік танытатын құрал. Бағдарлама операцияларды сирек бұғаттайды және тіпті даулы тәсілдер қолданылғанда да көзге дұрыс көрінетін геометрия алуға мүмкіндік береді. Сондықтан көптеген техникалық ақау бағдарламаның жүйелік қатесі ретінде қабылданады, ал олардың негізі алғашқы эскизді жасау кезінде-ақ қаланады.

Жобалаудағы ең қауіпті жаңсақ түсінік: «Егер модель қатесіз қайта құрылса, демек ол дұрыс жобаланған». Іс жүзінде бұл әрдайым дұрыс емес.

pic3.png

Тұрақтылық елесі: құрылым ағашы нені жасырады

Модель ұзақ уақыт дұрыс ашылып, экспортталып, өндіріске жіберілуі мүмкін, бірақ құрылымдық тұрғыдан тұрақсыз болып қала береді. Inventor дұрыс емес байланыстар жасауға мүмкіндік береді: кездейсоқ геометрияға байланыстыру, туынды қырларға тәуелділік, шамадан тыс жүктелген эскиздер немесе бөлшектің конструктивтік логикасын көрсетпейтін элементтер.

Бағдарлама уақытша шешімдерді жобалаудың архитектуралық қателерінен ажыратпайды, тек әрекеттердің ретін тіркейді.

Тәжірибелік мысалдар: жобалаудағы кең таралған қателер

№1 мысал: туынды қырларға тәуелділік

  • Қате тәсіл: эскиз байламдарын немесе тәуелділіктерді дөңгелектеу мен фаска жасау операциялары нәтижесінде пайда болған қырларға бекіту.
  • Тәуекелдер: дөңгелектеу радиусы өзгергенде немесе фаска жойылғанда бастапқы қыр жоғалады. Бұл байланыстардың үзілуіне, құрылым ағашында қателердің пайда болуына және кейінгі геометрияның бұзылуына әкеледі.
  • Оңтайлы шешім: байланыстыру үшін базалық жазықтықтар мен координата осьтерін пайдалану. Базалық геометрия бөлшекке кейін қандай өзгеріс енгізілсе де өзгеріссіз қалады.

№2 мысал: модульдік тәсілдің орнына шамадан тыс күрделі эскиздер

  • Қате тәсіл: барлық тесіктері мен ойықтары қамтылған бұйымның толық профилін бір күрделі эскизде жасау.
  • Тәуекелдер: мұндай эскизде бір параметрдің өзгеруі сызықтардың қабаттасуына және геометрияның болжанбайтын бұрмалануына жиі әкеледі. Сонымен қатар модельді қайта есептеу уақытын едәуір ұзартады.
  • Оңтайлы шешім: құру үдерісін логикалық кезеңдерге бөлу. Алдымен базалық геометрия қалыптастырылады, содан кейін ірі элементтер, соңында ұсақ бөлшектер қосылады. Қатаң қағида: бір эскиз бір конструктивтік міндетті шешеді.

Құрылымдық тұрақсыз модельдің белгілері

Бағдарлама таңдалған шешімдердің тұрақтылығына аудит жүргізбейді, бірақ тұрақсыз модель бірқатар белгілер арқылы байқалады:

  • Өзгеріс енгізудің қиындығы: бар бөлшекті түрлендіргеннен гөрі оны қайтадан құрастырған тиімді болатын жағдайлар.
Өнімділіктің төмендеуі
компоненттері аз болса да, құрастыру моделі ашылғанда қатып қалуы. Бұл циклдік тәуелділіктердің немесе артық эскиздердің барын көрсетеді.
Болжанбайтын әрекет
бір элементтегі өзгеріс құрылым тарихының күрделілігіне байланысты бүкіл бөлшектің қисынсыз қайта құрылуына әкеледі.
Артық қайталау
айнадай бейнеленген элементтер негізінде қайтадан массивтер мен симметриялар жасау бастапқы геометрияны табуды қиындатады.

Жобалаушының алтын қағидасы

Сапалы модель — тек бүгін жұмыс істейтін модель емес. Ол өмірлік циклдің кез келген кезеңінде түзетулер енгізгенде де болжамды әрекет ететін модель.

Жобалау кезінде мына қағиданы ұстану керек: модель басқа маманға қосымша түсіндірмесіз түсінікті болуы тиіс. Параметр атауларының логикасы мен құрылым ағашындағы элементтер реті толық айқын болуы қажет.

Чек-парақ: модельдің тұрақтылығын қалай тексеруге болады

Жобаны жұмысқа бермес немесе соңғы нұсқасын сақтамас бұрын бірнеше негізгі өлшем бойынша модель тұрақтылығын тексеру ұсынылады. Ең алдымен құрылым ағашындағы эскиздердің толық анықталғанына көз жеткізіңіз: оларда барлық қажетті тәуелділіктер мен өлшемдер болуы керек, мұны сызық түсінің өзгеруі немесе арнайы белгіше көрсетеді.

Соңғы құрастыру моделінде бейімделгіштікті барынша азайтып, барлық габариттерді қатаң бекіту және икемді байланыстарды тек тұжырымдамалық ізденіс кезеңіне қалдыру маңызды. Сонымен қатар ұзындық немесе диаметр сияқты негізгі параметрлерге стандартты жүйелік атаулардың орнына түсінікті ат беріп, атау логикасының айқындығын сақтау қажет.

Құрылым ағашында байланыстардың жоғалуы немесе геометрия қателері туралы ескертулері бар элементтер мүлде болмауы тиіс. Себебі бөлшек сырттай сәтті қайта құрылса да, мұндай қайшылықтар есептеулерді едәуір баяулатады. Соңында элементтердің қатаң иерархиясын тексеру қажет: дөңгелектеу мен фаска сияқты сыртқы өңдеу операциялары базалық топологияны қалыптастыруға араласпай, құрылым тарихының ең соңында орналасуы тиіс.

pic7.png

Қорытынды

Autodesk Inventor жүйесіндегі модель құру әдістемесінің қателері сирек бірден білінеді. Олар файл құрылымында жиналып, әдетте уақыт тапшы кезде маңызды түзетулер енгізілген сәтте геометрияның бұзылуына әкеледі. Жүйелі тәсіл және модульдік модельдеу ережелерін қатаң сақтау мұндай тәуекелдердің алдын алады.

Егер Autodesk Inventor бағдарламасын жұмыс үдерістеріңізге енгізуді қарастырсаңыз, 30 күндік сынақ нұсқасын ала аласыз. Бұл құралдың барлық мүмкіндіктерін өзіңіз тексеріп, сатып алу туралы шешім қабылдамас бұрын жобалаудың тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Тел.: 8 (7172) 57-70-75, 57-80-28

Ұялы тел.: 8 (701) 550-18-93 (+Whatsapp)

E-mail: office@cad.kz

www.cad.kz